Прокурор пара алу үстінде ұсталды

863

Прокурор пара алу үстінде ұсталды

Қарағанды қаласында аудандық прокуратураның бөлім прокуроры пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

2018 жылғы 16 мамыр күні бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратураның бөлім прокуроры Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін өтемақы алмақ болған.   

 Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

 Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу