Прокурор соттан Денис Теннің өліміне кінәлілерге 20 жыл кесуді сұрады

827

Мемлекеттік айыптау өкілі іске қатысты үшінші күдікті 4 жылын колонияда өткізуі керек деп есептейді. 

Прокурор соттан Денис Теннің өліміне кінәлілерге 20 жыл кесуді сұрады

Алматы қаласы прокуратурасы соттан Денис Тенді өлтірді деп айыпталушылар – Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды "Интерфакс – Қазақстан" сот залынан. 

"Сотталушы Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын", – деді соттағы екі жақтың пікірталасы кезінде мемлекеттік айыптау өкілі. 

Оның серіктесі Арман Құдайбергеновті де сол мерзімге кесуді сұрады.  Ал үшінші күдікті Жанар Толыбаева жазасын 4 жыл колонияда өткізу керек деп есептейді. 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы сот талқылауы өткен жылдың 25 желтоқсанында басталған. Сот барысында он шақты куәгерден жауап алынды. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. 

Сотталушылар үш адам: Арман Құдайбергенов пен  Нұралы Қиясовқа – Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағы, 192-бабының 2 -тармағы, 188-бабының 2-т. бойынша айып тағылып отыр. 
 Ал Жанар Толыбаева ұрлық пен қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталуда. 

Алдын ала тыңдалым барысында сотталушылар оларға қатысты істі алқа сотының қарауынан бас тартты. Жанар Толыбаева сотқа аяғы ауыр екенін айтты. 

Сот тергеуі барысында айыпталушылар кінәсін мойындады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу