Прокурорлар алимент төлемеушілерге шара қолданды

327

28 борышкерге қылмыстық іс тіркелді.  

Прокурорлар алимент төлемеушілерге шара қолданды Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола облысы прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлемейтіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жандандырды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде прокуратураның үйлестіру шараларымен алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 28 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркелді, оның ішінде 8 борышкер бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкерлер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Ағымдағы жылы Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 600 млн тенгеден астам алимент бойынша қарыз өтелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу