Прокурорлар "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінен жауап алды

411

Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауында.

Прокурорлар "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінен жауап алды Фото: inkaraganda.kz

Бас прокуратура Костенко атындағы шахтада болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жергілікті орында үйлестіруді Бас прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асырып жатыр.

"Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды. Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды", - делінген хабарламада.

Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынды. 

"Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық Процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу