Прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғауға ерекше назар аударады

1225

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі кәсіпкерлердің құқығын қамтамасыз етуге кепіл болатынын баяндады. Бұл туралы "Атамекен" өңірлік палатасында өткен дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғауға ерекше назар аударады

"Өздеріңіз білетіндей, елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық берілген. Кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік және құқық қорғау органдарының негізсіз араласуына шектеу қойылған. Осының айқын айғағы 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап прокурорлар негізгі процессуалдық шешім қабылдау кезінде кәсіпкерлердің құқығын қорғауға ерекше назар аударатын болды", – деді Елдос Қилымжанов.

Оның сөзінше, прокурордың келісімінсіз шыққан шешім заңсыз деп танылады. 

"Кәсіпкерге қатысты қабылданатын сот шешімі алдын-ала зерттеледі және қаралған іске құқықтық баға беріледі", – деді Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары.

Елдос Қилымжановтың түсіндіруінше, әлемнің дамыған елдері қылмыстық іс жүргізудің 3 буынды моделін қолданады. Аталмыш жүйе полицияны, прокуратураны және сотты бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдырады. Аталған құрам қылмыстық іс жүргізу үдерісіне толық жауап береді. Үш буынды жүйе сотқа дейінгі сүзгі қызметін атқарады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу