Прокурорлар мемлекетке 8 млрд теңге салықты қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы талдау барысында, "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС салықты төмендету фактісін анықтады.

Прокурорлар мемлекетке 8 млрд теңге салықты қайтарды Фото: google.com

Салық төлеуші жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлегені белгілі болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Салық заңнамасының талаптарына сәйкес құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады.

Алайда, салық есептілігін зерттеу, ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15% -дың орнына 10% мөлшерлемесі бойынша салық ұстап, резидент емеске қатысты сыйақы төлегенін көрсетті.

Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыстығын тексеру жүргізді. Аталған фактілер расталды, сондықтан 8,2 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді.

Салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төледі. Мемлекет мүддесі қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу