Прокурорлар өз жалақыларынан су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

257

Өңірлерде волонтерлерлік орталықтарымен тығыз ынтымақтастық жасалуда. 

Прокурорлар өз жалақыларынан су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде Фото: Үкімет

Прокуратура органдарының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін "Күшіміз бірлікте" акциясына қосылып, халыққа қолдау көрсетуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Республика бойынша прокуратура органдарының ұжымдары өздерінің жалақысы есебінен материалдық көмек көрсетті.

Атап айтқанда, прокурорлар "Демеу Қазақстан Қоры" корпоративтік қорына, "Bir birgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорына, "Қазақстанның Қызыл Айы" қоғамына қаражат аударды.

Сонымен қатар, ақшалай қаражат Ақтөбе облысының "Қамқор-Ақтөбе 2024", Павлодар облысының "Ақтоғай халқына", Солтүстік Қазақстан облысының "Отзывчивое сердце" және т.б. жергілікті қайырымдылық қорларына жіберілді.

Өңірлерде волонтерлерлік орталықтарымен тығыз ынтымақтастық жасалуда. Гуманитарлық көмек көрсету орындарында прокурорлар азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды жеткізді.

Сонымен қатар, су басқан өңірлердің прокуратура органдарының қызметкерлері су тасқынының салдарын жою және елді мекендерді су басудың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу