Прокурорлар ұрланған 140 миллион теңгені Швейцариядан қайтарды

914

Швейцарияның федералды қылмыстық соты заңсыз ақшаны Қазақстанға қайтару туралы шешім қабылдады.

Прокурорлар ұрланған 140 миллион теңгені Швейцариядан қайтарды

Швейцарияның федералды қылмыстық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұрлаған 140 млн теңгені Қазақстанға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған қаржы топтың белсенді мүшелерінің бірі 2012 жылдан бастап "Қорғас ісіне" қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде болған Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі болған. Прокурорлардың дерегінше, Әбдіралиевтің 762 мың АҚШ доллары мен 915 мың теңге көлеміндегі қылмыстық табысы толығымен тәркіленген. Осылайша, ұрланған активтерді қайтару бойынша жасалған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 420 млн теңге қаражат түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу