Прокурорлар заңсыз өткізілген тендерді тоқтатты

438

Павлодар облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар бойынша жарияланған 4,4 млрд теңгенің 25 конкурсы заңсыз өткізілмек болғанын анықтады.    

Прокурорлар заңсыз өткізілген тендерді тоқтатты Фото: mcfr.kz

Соңғы екеуі Баянауыл ауданында, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Тексеру өткізген құзырлы орган 2 млрд 200 млн-ның тендерін тоқтатып, жауапты тұлғаларды жазалады. Мемлекеттік сатып алу басқармасы, Баянауылдағы Жаңатілек ауылында су бөгетін қалпына келтіру үшін 1 млрд теңгеге конкурс жариялаған. Дәл осыған ұқсас Қаныш Сәтбаев ауылында іске асырылы тиіс жұмыстардың құны 1 млрд 200 млн теңге деп бағаланған. Ал, порталға тексеру жүргізген құзырлы орган тендер заңсыз өткізілген деген қорытынды шығарды.

"Тиісті білімі мен тәжірибесі жоқ, яғни, мемлекеттік лицензиясы жоқ шаруашылық субъектілері конкурсқа жіберілген. Талдау нәтижесінде осы аталған заң бұзушылықтар анықталып, қадағалау актісі бойынша жарияланған мемлекеттік сатып алудың күші жойылды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Төребек Қалжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу