Прокурорлардың құзіреті күшейеді

1453

Қылмыстық іс жүргізудің 3 деңгейлі жүйесі бойынша прокурорлар тергеу органдарының негізгі процессуалдық шешімдерін мақұлдап, бекітіп жатыр. 

Прокурорлардың құзіреті күшейеді

Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары Елдос Қилымжановтың мәлімдеуінше, келесі жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесі жаңғырып, 
прокурорлардың құзіреті күшейеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Реформа 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2022 жылы басталады. Осы жылы прокурорлар кісі өлтірудің тергеуіне араласады. 2 кезең 2023 жылы жүзеге асырылады. Бұл кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен әскери полицияның тергеуі, сондай-ақ ішкі істер органдары тергеп жатқан барлық ауыр қылмыс назарға алынады. Реформаның 2024 жылға жоспарланған қорытынды кезеңінде прокурорлар экономикалық тергеу қызметі тергеп жатқан істерді, сондай-ақ ішкі істер органдары тергеп жатқан істердің басқа санаттарын бақылайды", – деді Елдос Қилымжанов.

Оның сөзінше, реформа тергеу сатысында қылмыстық қудалау органдары мен прокуратура және сот арасындағы өкілеттікті бөлуді жүзеге асырады. 

"Қарапайым тілмен айтқанда, полицейлер оқиға болған жерге барып, оны тексеріп, куәгерлермен сұхбаттасып, дәлел жинақтап, материалды  прокурорға тапсыруға тиіс. Прокурор дәлелді бағалайды және оған қатысты ұстанымын жариялайды. Жеткілікті негіз бар деп санаса, күдік тудырып, айыптау қорытындысын әзірлейді. Осыдан соң күдіктінің кінәсін сотта дәлелдейді. Сот шағымды қарайды, адамның құқығының сақталуын бақылайды және іс бойынша түпкілікті үкім шығарады", – деді Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу