Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 3 миллион азаматтың құқығы қорғалды

1242

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 3 миллион азаматтың құқығы қорғалды

Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен бас прокуратураның алқа отырысы өткізілді. Оның барысында 2018 жылдың І жартыжылдығындағы жұмысқа қорытынды жасалды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Жиында прокурорлық қадағалау нәтижесінде 3 млн азаматтың құқығының қорғалғандығы туралы айтылды.

Ден қою шаралары арқылы Алматы және Алматы облысында 800 мың тұтынушы үшін "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-ның электрэнергиясының 1кВт/сағ тариф құны 16,9-дан 16,3 теңгеге төмендетілді.

Қостанай облысында 10 мың бағбан қауымдастығы және өндірістік кооператив мүшелері үшін электр тарифі 24-тен 19 теңгеге төмендетілді.

Жалпы коммуналдық қызмет тарифтері еліміздің 6 аумағында төмендетіліп, нәтижесінде тұтынушыларға 7 млрд теңге көлеміндегі залалдың орны толтырылды.

Бас прокуратура зиянды және еңбек жағдайы қауіпті кәсіпорындардан 27 мың заңбұзушылықты әшкереледі. Олар еңбек заңнамасының, өндірістік нормалардың, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігіне байланысты.

Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, 45 мың азаматтың құқығы қорғалған. Еңбекақы бойынша 0,5 миллиард теңге көлеміндегі қарыздар өтелді.  

Азаматтық істерге қатысу нәтижесінде 15,6 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттің мүддесі қорғалды.

Қайрат Қожамжаровтың мәлімдеуінше бас прокуратура қылмыстық процестің репрессивтілігін төмендетумен және оның құқық қорғау әлеуетін нығайтуды жалғастыруда.

"Жаңа институттарды енгізу нәтижесінде құқық қорғау жүйесінің жалпы қызметі қайта жасақталды. Бұл жұмыстың нәтижесі де бар. Ұсталғандардың саны үш есеге – 8,4-тен 5,8 мыңға және қамауға алынғандардың саны 6,8-ден 4,8 мыңға дейін төмендеді", - деді бас прокурор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу