Ақтауда сотталғандар қоғамдық жұмыстарды қағаз жүзінде ғана орындаған

150

Жұмыстарды орындау қала әкімдігі белгілеген орындарда қарастырылған.  

Ақтауда сотталғандар қоғамдық жұмыстарды қағаз жүзінде ғана орындаған Фото: gov.kz

Ақтау қаласының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған 87 сотталушының қоғамдық жұмыстарды орындауына қатысты тексеру жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында 8 сотталушының іс жүзінде жазаны толық орындамағаны анықталды. Алайда, есепке алу табелдерінде жұмысты орындау туралы белгілер қойылған. 

Бұл жұмыстардың нақты орындалуын тексеруді қамтамасыз етпеген жергілікті атқарушы орган құрылымдық бөлімшесінің сапасыз бақылауы.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық" бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу