Прокурорлық тексеріс: Тұрғын үй кезегінен 33 жетім бала заңсыз шығарылған

115

Еліміздегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.  

Прокурорлық тексеріс: Тұрғын үй кезегінен 33 жетім бала заңсыз шығарылған Фото: primeminister.kz

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған. Ал 1 жетім балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.

Ең сорақысы – аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде 2 жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.

Прокуратура араласқаннан кейін пәтер қайтарылды, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу