Протасевичтің қайда екенін белгілі болды

886

NEXTA-ның бұрынғы бас редакторы мен София Сапега 23 мамырда ұсталған еді. 

Протасевичтің қайда екенін белгілі болды

Ryanair әуе компаниясының ұшағы Минск қаласына қонғаннан кейін ұсталған NEXTA Telegram каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич қазір осы қаладағы № 1 тергеу изоляторында, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC сайтына сілтеме жасап.
Журналистің қайда екендігі оның туыстары мен адвокатына төрт күн бойы айтылмай келді. 27 мамырда Протасевичпен бірінші болып оның қорғаушысы Инесса Оленская кездесті. Оленская оның нақты қандай изоляторда екенін айтпады, бірақ оның халі жақсы екенін мәлім етті.

NEXTA-ның бұрынғы бас редакторы мен София Сапега 23 мамырда ұсталған еді. Олар Афинадан Вильнюске Ryanair ұшағымен жетпек болды. Бірақ бортта бомба бар деген хабарламадан кейін ұшақ шұғыл түрде Минск қаласына қонды. Протасевич пен жобаның басқа қатысушыларына экстремистік құрылымның негізін қалады және 2020 жылғы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

Осы күнге дейін оған адвокат жіберілмеген және туыстарымен сөйлесуге рұқсат етілмеген. Кейін ол кінәсін мойындағаны түсірілген видео желіге жүктелген болатын.Бірақ журналистің азапталғаны, нақтырақ айтқанда, оны тұншықтырғаны анықталды. Қауіпсіздік қызметкерлері Протасевичке көрсетілген зорлық-зомбылықтың ізін жасыру үшін, оның бетіне арнайы крем жаққаны жарияланды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу