"Протон-М" зымыран-тасығышы ұшырылады

2101

Бастапқыда ұшыру 21 маусымға жоспарланған болатын.

"Протон-М" зымыран-тасығышы ұшырылады

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылады. Мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады, деп Роскосмос мәлімдеді. Бастапқыда ұшыру 21 маусымға жоспарланған болатын, бірақ "Спектр" батареясының тоғы ажырап қалу салдарынан, 12 шілдеге ауыстырылды. "Протон" зымыраны старттық кешеннен монтаждық-сынақ кешеніне қайта әкелініп, мамандар батареяны қайта ауыстырған. Қайта шақырудан кейін, зымырандағы ескертулерді жою үшін 13 шілдеге қалдырылды.  

"Спектр-Рентген-Гамма" ғарыш обсерваториясы – рентгендік диапазондағы ғаламды зерттеуге арналған орбиталық астрофизикалық обсерваторияны құруға бағытталған халықаралық ресей-герман жобасы.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу