Провизорлық стационарлар 70%-ға босады

707

Жедел жәрдемге хабарласушылардың саны еселеп қысқарды. 

Провизорлық стационарлар 70%-ға босады

Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен онлайн брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров  инфекциялық стационарлардың жүктемесі туралы сөз қозғады. 

"Алматыда коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды емдеуге 27 медициналық мекеме жұмылдырылды. Қазіргі кезде олардың жүктемесі 30%. Қала стационарларындағы жалпы саны 5755 орын бар. Стационарлардың жүктемесін төмендету бойынша амбулаторлық деңгейдегі ем шараларының пайдасы көп", – деген спикер Алматыда жедел жәрдем шақыру көлемі де төмендегенін тілге тиек етті. 

"Инфекция үдеп тұрған кезде тұрғындар жедел жәрдемді күніне 8 мың рет шақырса. Қазіргі кезде олардың саны 1500-1600-ға дейін қысқарды. Бұған мобильді бригадалар санының артуы да өз септігін тигізді", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу