Провизорлық стационарларда бір күндік төсек-орын саны 100 мыңнан асты

950

Жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның қамтылуы 23 есе өсті. 

Провизорлық стационарларда бір күндік төсек-орын саны 100 мыңнан асты

Наурыз-маусым айларында еліміздегі ауруханаларда коронавирус пен пневмониядан 150 мың адам емделді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов осылай деді. 

"Наурыз айына қарағанда, маусымда бір күндік төсек-орындармен науқастардың қамтылуы – 8 есеге, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның қамтылуы – 23 есеге өскенін атап өткен жөн. Провизорлық стационарларда бір күндік төсек-орын саны наурыз айында 21 мың болса, қазір 100 мыңнан асты", – деді Болат Төкежанов.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу