Пржевальск жылқыларын Қазақстан аумағына қайтару қарастырылып жатыр

692

Құрып кету қаупі жоғары Пржевальск жылқыларын табиғи мекендеу ортасына (Қазақстан Республикасының аумағына) қайтару мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Пржевальск жылқыларын Қазақстан аумағына қайтару қарастырылып жатыр

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Қазақстан тарапы Словакия тарапының атына осы мәселені шешу үшін қажетті құжаттар тізбесін жібергенін және словак тарапынан жауапты тұлғаны белгілеу қажет екенін айтты.

Словакияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Миллан Коллар Пржевальский жылқысын реинтродукциялау мәселесін пысықтауды және одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты адамды белгілеуді Словакия тарапына жеткізетінін мәлімдеді.

26 қазанда Ахметжан Пірімқұлов Милан Коллармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 9-отырысын өткізу барысын, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу