Шымкент зообағының қызметкерлері бес бас Пржевальский жылқысын жабайы табиғатқа жіберді. Олардың бірі жақында құлындайды, деп мәлім етті "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Нұрғазы Бұхарбаев.
Оның айтуынша, жылқылардың барлығы қоршауда туған, олардың ең үлкені 10 жасар. Мамандардың айтуынша, жылқылар еркіндікте жүріп 30 жылға дейін өмір сүреді алады.
Жануарлар Алматы облысында орналасқан "Алтын Емел" ұлттық саябағы аумағында емін-еркін мекендейтін болады.
"Пржевальский жылқысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ол жойылып бара жатқан жануар түрі. Қазір ұлттық саябақ осынау сирек кездесетін жануардың басын көбейтіп, табиғатқа жіберу жобасын қолға алып отыр. Жануарлар еркіндікке жіберілді, олардың қайда жүргені бақылауда болады", – деді Нұрғазы Бұхарбаев.
"Қыста біз оларды жылы қораға қамаған жоқпыз. Олар табиғаттағыдай жағдайда өмір сүрді. Бәрі ойдағыдай болып, жануарлардың қатары көбейеді деген сеніміміз бар", – деді зообақ директоры.