Психиатр-нарколог дәрігерлердің саны 12%-ға өсті

2022 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда есірткіге тәуелді 4619 пациент ем қабылдады. 

Психиатр-нарколог дәрігерлердің саны 12%-ға өсті Фото: google

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты.

"Соңғы жылдары психикалық денсаулық сақтау қызметінде нашақорларға көмек көрсету бөлігінде мынадай өзгерістер жүргізілді.

Медициналық көмек көрсету құрылымы оңтайландырылды: 2016 жылы 47 психиатриялық және наркологиялық диспансер 17 өңірлік психикалық денсаулық орталықтарына біріктірілді. Қалалық аумақтық емханаларда амбулаториялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ауылдық жерлердегі аудандық ауруханаларда 82 бастапқы психикалық денсаулық орталығы және 203 психикалық денсаулық кабинеті ашылды", – деді министр.

Есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды дамыту мақсатында медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерінің саны 5-тен (2017ж.) 11-ге (2022ж.) дейін ұлғайды. 

"Қызметті  кадрлық қамтамасыз ету жақсаруда. Психиатр-нарколог дәрігерлердің саны 12%-ға өсті (2017 жылы 1024-тен 2022 жылы 1413-ке дейін), өткен жылдың қорытындысы бойынша резиденттер саны 5 есе 30-дан 152-ге дейін өсті", – деді министр.

Ескерте кететіні, психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің кадрлармен қамтылу 91%-ды, оның ішінде психиатрлар – 88%-ды, СМЖ – 94%-ды құрады.

2022 жылы тәулік бойы стационар жағдайында есірткі заттарына тәуелділігі бар 4619 пациент, оның 4238-і өз еркімен емделуге арналған бөлімшелерде емделді.  Есепте тұрған нашақорлар санынан айыққан адамдардың үлесі 2022 жылы 12,2%-ды  құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу