2021 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан Республикасының психиатриялық ауруханалары 19,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға жоғары.
Қызметтердің 96,8%-ы бюджеттен төленді: 19,3 млрд теңге (жылына +17,7%). Тұрғындар есебінен 585,5 млн теңге және кәсіпорындар есебінен 53,7 млн теңге төленді.
Салыстырар болсақ, 2020 жылдың осы кезеңінде психиатриялық стационарлық қызмет 16,8 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27,2%-ға көп.
Өңірлер бойынша қызметтердің ең көп көлемі Алматыға тиесілі: 3,2 млрд теңге (жылына +38,3%). Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан (2,2 млрд теңге, жылына + ]3%) және Қарағанды (1,9 млрд теңге, +62,6%) облыстары тұр.
Қызметтер көлемінің жыл сайынғы ең үлкен өсімі Жамбыл облысында тіркелді (құндық көрсеткіш бойынша жылына 86,3%-ға, алайда тек 744 млн теңгеге дейін), ең үлкен төмендеу Шымкентте болды (жылына 8%-ға 1,3 млрд теңгеге дейін).
Бұл ретте айта кететіні Нұр-Сұлтан және халқы тығыз орналасқан Түркістан облысы бойынша бұл жылы да, алдыңғы жылы да қызмет көрсету бойынша көрсеткіштер жоқ.
Оның үстіне Түркістан облысында тиісті медициналық мекемелердің қызметтері туралы деректер белгісіз, негізінен тек Шымкент үшін, дегенмен бұл аймақта психиатриялық емханалар болуы керек.