Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралған заң жобасы аясында мамандар мен қызмет алушы арасындағы қарым-қатынас нақты регламенттелмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Депутат Айна Мысырәлімованың мәлімдеуінше, енді психологтар азаматтарға қызмет көрсетпес бұрын міндетті түрде шарт жасасуға тиіс. Сонымен қатар маман қызмет алушыға толық ақпарат ұсынып, оның жазбаша келісімін алуы қажет болады.
– Психологиялық көмек ерікті және саналы таңдау қағидатына негізделеді. Шұғыл жағдайларды қоспағанда, қызмет көрсету тек жазбаша ақпараттандырылған келісім арқылы жүзеге асырылады, – деді депутат.
Жаңа талаптар енгізілген жағдайда, азаматтардың құқықтары қорғалып, психологиялық қызмет көрсету сапасы мен ашықтығы артады деп күтілуде.