PTC Holding грузияда мультимодальды порт салады

692

Қазақстандық тауар экспорттаушылар үшін енді Қара теңіз арқылы жүк тасымалы жеңілдей түспек.

PTC Holding грузияда мультимодальды порт салады Фото: PTC Holding

PTC Holding компаниясы грузиялық инвесторлармен бірлесіп, мультимодальды порт салмақшы, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі.

Бұл нысан Транскаспий дәлізіндегі ең соңғы нүкте Поти теңіз айлағы арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. Бүгін Тбилиси қаласында қос тарап инвестициялық келісімге қол қойды.

"Қазақстанда соңғы уақытта транскаспий дәлізін дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Осы маршрут бойынша тасымалданатын жүк көлемі де айтарлықтай артқанын айта кеткен жөн. Бір жағынан экономикалық тиімділігі бар, сосын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тасымал жүктемесін арттыру бойынша тапсырмасы бар. Бүгінгідей ауқымды үлес қосып отырған бизнесмендердің арқасында бұл тапсырманы орындайтынымызға сенімдімін", - деді ҚР Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу