PTC Holding көлік-логистика саласындағы "Магистраль" бірінші ұлттық сыйлығының иегері атанды

280

Компания бірден екі аталым бойынша басты марапаттарға ие болды: "Көлікті басқару үздігі" және "Үздік медиа бастама".

PTC Holding көлік-логистика саласындағы "Магистраль" бірінші ұлттық сыйлығының иегері атанды Фото: PTC Holding

Бүгін Астанада марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

PTC Holding бірқатар ірі халықаралық жобаларға бастамашы болды және жүзеге асыруда: Ташкенттегі (Өзбекстан) көлік-логистикалық орталық, Поти қаласындағы (Грузия) мультимодальды терминал және Dostyk TransTerminal жеке жүктерді қайта тиеу терминалының өткізу қабілетін арттыруда. PTC Holding жүк вагондарының инновациясына және Қазақстан Республикасындағы заманауи теміржол инфрақұрылымының құрылысына қазірдің өзінде 200 миллиард теңгеден астам инвестиция салды, бүгінгі таңда бұл топ жоғары сапалы қызмет көрсетудің және жеке инфрақұрылымының арқасында Қазақстандағы транзиттік контейнерлік тасымалдың жалпы көлемінің 15% үлесіне ие.

"Көлікті басқару шеберлігі" мүсіні басқарма төрағасы Тимур Қарабаевқа берілді. Ол әріптестерін еліміздегі салалық марапаттың пайда болуымен құттықтады.

"2023 жыл көлік саласы үшін өте маңызды жыл болды. Биыл Көлік министрлігі қайта құрылды. Көп нәрсе жасалды, әлі де көп нәрсе істеу керек, көптеген қиындықтар бар. Ал көлік мамандарының еңбегін жинап, атап өту – алға жылжу үшін үлкен стимул", - деді Тимур Қарабаев.

Екінші мүсінше "Үздік медиа бастама" аталымы бойынша "Atameken Business" телеарнасындағы "Көлік және логистика" жобасының даму жөніндегі директоры Олжас Арықбаевқа табысталды. Алғашқы бағдарлама 2016 жылы күзде жарық көрген. Қазірге дейін 300-ден астам бағдарлама эфирге шыққан.

Осы уақыт ішінде Олжас Арықбаевта қонақта "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорлары Жәнібек Тайжанов, ОТЛК ЕРА Алексей Гром, Логкбокс Юрий Сукманов, "KAZLOGISTICS" Қазақстан көлік қызметкерлері одағының бас директорлары Ерлан Әбсатов, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-нан Питер Гриффитс, NCOC (Қашаған) басқарушы директоры Ричард Хоу, "Ресей темір жолдары логистика" компаниясының экспедиторлық директоры Антон Горбунов, "Алтайвагон" АҚ маркетинг жөніндегі директоры Максим Новиков, "ТрансКом"  көлік тобының басқарма төрағасы Денис Артюхов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Көлік комитеті төрағасыынң орынбасары Қасым Тілепов, "Ресей темір жолдары" АҚ директорының бірінші орынбасары Александр Мишарин, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия және Ресей бойынша басқарушы директоры Наталья Ханженкова, Дүниежүзілік банк тобындағы сауда және жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жетекші экономист Стефка Славова және т.б болды.

Сондай-ақ, PTC Cargo еншілес компаниясы "Жылдың үздік жобасы – Dostyk TransTerminal (Қазақстан-Қытай) контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу терминалы" аталымы бойынша дипломмен марапатталды.

"Магистраль" – көлік және логистика саласындағы тұңғыш ұлттық сыйлық. Қазақстан Республикасының Корпоративтік коммуникациялар қауымдастығының қамқорлығымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – Н.Исингарин атындағы көлік бастамаларын қолдау қоры, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі және "Kazlogistics".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу