PTC Holding Өзбекстандағы ең ірі көлік-логистикалық көрмеге қатысып жатыр

338

Өзбекстанда Орталық Азиядағы ең ірі көлік-логистикалық көрме өтіп жатыр.

PTC Holding Өзбекстандағы ең ірі көлік-логистикалық көрмеге қатысып жатыр Фото: Ашық дереккөз

Жиынға еліміздің атынан PTC Holding қатысты. Компания өкілдері алыс-жақын шет елден келген қатысушыларға өз қызметтерін таныстырды. PTC CARGO операторының Өзбекстан нарығына қызығуына не себеп? Мұндай көрмелер еліміздің логистика саласына қалай әсер етеді? 

Өзбекстанда 19-шы "Көлік-логистика" халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Жиынға 15 елден 60-қа жуық компания қатысты. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есеге көп. Еліміздің атынан бой көрсеткен PTC Holding халықаралық көрмеге осымен 9-шы рет қатысып отыр. 

"Қазақстандық контейнерлік оператордың өкілдері ретінде бұл көрмеге қатысу біз үшін өте маңызды. Себебі Қытайдан Орталық Азияға оның ішінде Өзбекстанға тасымалдау көлемі артты. Сондықтан Өзбекстан арқылы біздің маршруттарымызды біріктіру керек. Бүгінгі көрмеде клиенттер базасын ұлғайтып жатырмыз. Онымен қоса, терминалдық қызметтер бойынша да, контейнерлік оператор ретінде де қызмет көрсете алатын жаңа серіктестерді табу да маңызды", - деді PTC CARGO Операторының коммерциялық директоры Мария Баландина. 

PTC Holding логистикалық қызметтің барлық түрін ұсынады. Әрі компания қамтитын елдердің географиялық ауқымы да жылдан-жылға кеңейіп келеді. Соңғы кездері көлік арқылы тасымалға сұраныс артқан. Сондықтан автопарк құрылып, тапсырыс берушілер үшін жылдам жеткізетін тағы бір мүмкіндік жасалды. 

"RAIL JET LOGISTICS компаниясы автокөліктер арқылы тасымалмен айналысады. PTC-де темір жол арқылы тасымалдар бір жолға қойылған. Енді жүктемені азайту үшін біз көлікпен жеткізу қызметін ұсынып отырмыз. Осы арқылы тасымалданатын өнім көлемі артады. Әрі қаржылық жағынан да уақыт тұрғысынан да клиенттердің таңдау мүмкіндігі артады. Қазір көлік арқылы тасымалға Өзбекстан мен Қытайдан сұраныс көп", - дейді RAIL JET LOGISTICS компанясының логистика бөлімінің басышысы Станислав Ярошенко.  

Компанияның қызметіне сұраныстың өсуі PTC Holding-тің жекелеген дайын инфрақұрылымымен қоса, вагондар паркі мен автокөлкітер паркінің  болуына байланысты. Оған қоса, қазір Өзбекстан мен Грузияда терминал құрылысы жүріп жатыр. Ол тауарларды тасымалдап қана қоймай, қоймаларда сақтауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу