PTC Holding су тасқынынан зардап шеккендерге 150 млн теңге бөлді

330

Қаржылай көмек табиғи апат салдарынан өмірі мен мүлкі зардап шеккен жандарға шұғыл қолдау көрсету шараларын жүргізуге арналған. 

PTC Holding су тасқынынан зардап шеккендерге 150 млн теңге бөлді Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін PTC Holding көліктік-логистикалық компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына 150 миллион теңге аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Су тасқыны салдарынан елдің бірнеше аймағына үлкен зиян келтірілді, инфрақұрылым бұзылып, халықты эвакуациялауға тура келді, оған қоса табиғи апат айтарлықтай материалдық шығын әкелді.

"PTC Holding табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан зардап шеккен қазақстандықтарға жүйелі түрде көмектеседі. Біз мұны — әлеуметтік жауапкершілігіміз деп білеміз. Компания әрдайым ел мен қоғамды қолдауға дайын", - деп хабарлады компанияда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу