ПТР анықтамасыз келген 4 жолаушы Алматыдан депортацияланды

1032

ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.  

ПТР анықтамасыз келген 4 жолаушы Алматыдан депортацияланды

Комитет мәліметінше, 24 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі ұшып келген.

Өткен тәулікте 5 126 авиажолаушы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 078 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 918 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 757 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 223 жолаушы.

Сонымен қатар, 24 сәуірде Ош – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу