ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

823

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша олардың барлығы Минск – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары.  

ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

2020 жылғы 16 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 4 қазақстандықтан COVID-19 анықталды. 

2020 жылғы 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

2 052 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 1 674 адам, анықтамасыз 378 адам келді. Олардың барлығы ел азаматтары.

Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 206;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 760 жолаушы, анықтамамен - 601; анықтамасыз - 159;
- Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келді;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 72; анықтамасыз - 3;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 129; анықтамасыз - 10.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

"2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ел азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды", - деп жазылған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу