ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғыз азаматы депортацияланды

893

2021 жылдың 26 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

 ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғыз азаматы депортацияланды

2021 жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Шри-Ланка, Грузия, ҚХР, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 48 халықаралық әуе рейсі келді.

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 5 551 әуе жолаушыларының ішінде 5 525 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама бар, ал анықтамасыз 26 ҚР азаматы келген.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 26 рейс, 3 264 жолаушы, анықтамамен - 3 254, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 259 жолаушы, анықтамамен - 1 245, анықтамасыз - 14;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 680 жолаушы анықтамамен келген;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 146 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 145 жолаушы, анықтамамен - 143, анықтамасыз - 2;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 150 жолаушы анықтамамен келген;

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде", - дейді комитеттен.

Ал 25 наурызда келген азаматтардың ПТР талдауларының нәтижесі шықты.

Анықтамасыз келген 19 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Киев – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталған.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 26 наурызында Қырғыз Республикасынан ПТР анықтамасыз ұшып келген Қырғыз азаматы, Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу