ПТР-тест неге қымбат?

954

Ұлттық сараптама орталығы ПТР-тест үшін 10 500 теңге алады.  

ПТР-тест неге қымбат?

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова құны 833 теңге тұратын ПТР-тестен өту үшін азаматтар неге қала қағатын қаржы төлеп жатыр деген сұраққа жауап берді. 

Естеріңізге салайық, бұдан бұрын денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет 1,2 млн ПТР-тест алуға 1 млрд теңге бөлгенін мәлімдеді. Осыдан соң көпшілік қарастырылған қаржыны сатып алынған ПТР-тест санына бөліп, "бір тестің өзіндік құны 833 теңге, зертханалар ПТР-тест үшін әр адамнан неге 11-20 мың теңге талап етіп жатыр?"  – деп дабыл қақты. 

Вице-министрдің сөзінше, азаматтар тест үшін емес, көрсетілген қызмет үшін төлейді. 

"Бір адамды ПТР-тестен өткізу үшін материал жинайтын зонт пен пробиркадан басталатын 40 түрлі зертханалық жабдық қажет. Бұған қоса медицина қызметкерлерінің қорғаныш құралдары мен жалақысы бар. Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында ПТР-тестің құны шамамен 10 500 теңге", – деді Людмила Бұйрабекова.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу