ПТР-тест сараптамасы бойынша нарық субъектілерінің құқықтары шектелген

1315

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады. 

ПТР-тест сараптамасы бойынша нарық субъектілерінің құқықтары шектелген

Ведомтво өңірде жүргізілген талдау кезінде үш мемлекеттік органның іс-әрекетінде еліміздің Кәсіпкерлік кодексі нормаларын бұзылу белгілерін анықтады.  

"Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері актілер шығаруда көрініс тапты, оларға сәйкес короновирустық инфекцияны ПТР-тест әдісімен зерттеу жөніндегі қызметтерді жеткізушілер ретінде тек мемлекеттік зертханалар ғана айқындалған. Бұл осы зертханаларға жеке зертханаларға қатысты басымдық беріп отыр. Осылайша, мемлекеттік органдар нарықтың барлық мүдделі субъектілерінің құқықтарын сақтамаған. Бұл ұқсас қызмет көрсететін нарық субъектілері арасында бәсекелестікті шектеуге алып келуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті нарық заңдылықтарын бұзған үш мемлекеттік органның атына олардың әрекеттерінде заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу