ПТР-тесті жоқ жолаушыларды тасымалдаған әуе компаниялар жазаланады

614

Бүгін халықаралық рейс арқылы ұшақтан мыңға жуық адам түскен. 

ПТР-тесті жоқ жолаушыларды тасымалдаған әуе компаниялар жазаланады

ПТР-тесті жоқ жолаушыларды тасымалдаған әуе компаниялар жазаланады. Бұл туралы Көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Күні кеше ғана жаңа қаулы қабылданып, шетелден келген азаматтарда анықтаманың болуы міндеттелген. Бүгін халықаралық рейс арқылы ұшақтан мыңға жуық адам түскен. Басым бөлігі Мысыр, Түркия және Оңтүстік Корея елдерінен келгендер. Тексеріс барысында 42 адамда ПТР-тест нәтижесі жоқ болып шықты. Олар бірден екі күнге карантинге жатқызылды. Ал бекітілген шектеу талаптарын орындамаған әуе компаниялар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу