ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны қадағалау және COVID-19-ға ПТР-тестілеуді өткізу бойынша зертханалық қызметтер нарығында шаралар қабылдау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
2021 жылы 6 желтоқсанда "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК (ҰСО) COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді.
ПТР-тест құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.
Сонымен қатар республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде.
Бұрын, БҚДА аумақтық бөлімшелерімен жасалған монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КДЛ "Олимп" ЖШС мен "Инвиво" ЖШС-мен қосқанда 36 нарық субъектісі 2020 жылдың қазанында бағаны 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін ал кейін 2021 жылдың ақпанында 7 мың теңгеге дейін төмендетті.
"2022 жылдың бірінші тоқсанында БҚДА бәсекелестік деңгейін және қызметтердің бағасын зерттеу мақсатында COVID-19 анықтайтын ПТР-тестілеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасауды жоспарлап отыр", – деп хабарлады ведомство.