ПТР-тестке сенуге бола ма?

1265

Әлемдегі науқастардың 30 пайызынан ПТР-тест инфекция "байқамаған".

ПТР-тестке сенуге бола ма?

ПТР-тестің қортындысы таза болу коронавирустан 100 пайыз ада дегенді білдірмейді. Ұлттық ғылыми кардиогхирургиялық орталық басшысының орынбасары Махаббат Бекбосынова осындай мәлімет айтты.

"Әлемдік статистика бойынша коронавируспен ауырғандардың 30 пайызында ПТР-тест бойынша сырқат белгісі жоқ деп шыққан. Сонда халықты жаппай ПТР-тестке тарту қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Мен әуелі клиникалық белгілерге сүйену керек деп ойлаймын. ПТР-тестен таза болып шықсаңыз да, клиникалық сипаттарды сезсеңіз, үйде қалып, оқшаулану керек. Денсаулық жағдайын үнемі қадағалап, дене қызуын өлшеп, өзіңіз бекітілген амбулаториялық мекеменің есебіне тіркеліп қойыңыз", – деді Махаббат Бекбосынова

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу