Пучдемон әзірге елге қайтарылмайды

883

Брюссель соты Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемонды экстрадициялауды 16 желтоқсанға дейін шегерді.

Пучдемон әзірге елге қайтарылмайды

Пучдемон 2017 жылы Испания заңсыз деп таныған референдумды өткізіп, аймақтың егемендігін жарияламақ болған. Бірақ жоспары жүзеге аспай, Бельгияға қашып кеткен еді. 
Сот саясаткерді қамауда ұстамайтын болды, бірақ оған Бельгия территориясынан 16 желтоқсанға дейін шығуға тыйым салды. 

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазанда Испанияның Жоғарғы соты Пучдемонды қамауға еуропалық және халықаралық ордер берген еді. Каталонияның бұрынғы басшысына қазына қаражатын талан-таражға салды және бүлік шығарды деген айыптар тағылған. 

2017 жылдың 1 қазанында Каталонияда тәуелсіздігі туралы плебисцит өткен болатын. Ресми Мадрид әуел бастан дауыс беруді заңсыз деп танып, оның қорытындысын мойындаудан бас тартып келеді. Сол жылдың 27 қазанында аймақ өзінің егемендігін жариялайтын резолюцияны бекіткен болатын. Бірақ бұған жауап ретінде Испания билігі Каталонияның өзін-өзі басқаруын шектейтін заңды күшіне енгізді. 

Референдум өткізілген уақытта Каталония үкіметінің басында Карлес Пучдемон болды. Ол аймақтағы дағдарыстан кейін Испаниядан Бельгияға қашып кетті. 2018 жылы Испания соты оны қамауға ордер беріп, нәтижесінде Пучдемон Германияда қолға түсірілді. 

Ресми Берлин саясаткерді тек қазына қаражатын талан-таражға салды деген айып бойынша Испанияға бере алатынын мәлімдеді. Салдарынан Мадрид еуропалық ордерді қайтарып алып, Пучдемон Бельгияға қайта оралды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу