Пучдемон Германияда қолға түсті

665

Пучдемон Германияда қолға түсті

Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемонды полицейлер Германия мен Дания шекарасында қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.

Дерек бойынша каталондық сепаратистердің көшбасшысы Финляндияға бельгиялық сот алдында жауап беру үшін аттанған болатын. Енді қазір комиссариатта отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Карлес Пучдемон 1 қазанда Каталония тәуелсіздігі туралы референдумды өткізгеннен кейін Бельгияға қашып кеткен еді. Содан кейін Испания соты плебесцитті заңсыз деп танып, оны тұтқындауға қайтадан Еуропалық ордер берді. Пучдемонмен қатар 25 каталондық саясаткерге бүлік шығарды және қазына қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Өз кезегінде олардың барлығы тағылған кінәні мойындамай отыр. Осы жағдайлардан кейін өңірдегі ахуал күрт шиеленісіп кетті. Каталония үкіметінің басшылығына үміткер Жорди Турул уақытша қамауға алынғаннан кейін жергілікті парламент үкіметтің жаңа басшысын жариялаудан бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу