Кореяның Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

931

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Құжат мәтіні Ақорда сайтында жарияланды:  

Кореяның Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

"Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

    Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы  20 тамыз

№ 642"

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы 16 тамызда аталған елге ресми сапармен барған болатын. Президент Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын осы сапарында жеткізген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу