Оңтүстік Корея оппозициялық демократиялық партиясының төрағасы Ли Чжэ Мённың Пусан қаласына сапары кезінде шабуыл жасалды. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ли Чжэ Мён Пусандағы құрылыс алаңына барғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатқанда мойнына оқ тиген. Агенттіктің хабарлауынша, белгісіз ер адам саясаткерге қолтаңба алу үшін келіп, кейін шабуыл жасаған.
Шабуылдан шамамен 20 минут өткен соң Ли Чжэ Мён ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы туралы ақпарат айтылмады. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам сол жерде ұсталған.
Айта кетейік, Ли Чжэ Мён 59 жастағы саясаткер, қоғам қайраткері және азаматтық құқық қорғаушы заңгер. 2010 жылдан 2018 жылға дейін Соннам қаласының мэрі, содан кейін 2021 жылға дейін Кёнги провинциясының губернаторы қызметін атқарды. 2022 жылы ол Оңтүстік Корея президенттігіне кандидат болып, сайлаушылардың 47,83% дауысын жинаған.