Путин аймақ басшыларын президент деп атауға тыйым салатын заңға қол қойды

2048

Олар аймақ "басшысы" деп аталуы тиіс. 

Путин аймақ басшыларын президент деп атауға тыйым салатын заңға қол қойды

Ресей Президенті Владимир Путин аймақ басшыларын президент деп атауға тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Олар аймақ "басшысы" деп аталуы тиіс. Аймақ әкімшілігі әр министрді федералды орталық келісімімен тағайындауға міндеттелді. Сонымен қатар губернаторлар бірнеше рет сайлануға мүмкіндік алды, бірақ оларды президент түсіндірместен жұмыстан шығару құқығына ие болды.

Татарстан Мемлекеттік кеңесінің депутаттары бұл нормаға қарсы шықты. Кеңестің мемлекеттік құрылым жөніндегі комитетінің басшысы Альберт Хабибуллиннің айтуынша, Павел Красхенинников пен Андрей Клишас енгізген заң жобасының бірқатар ережелері Ресей Федерациясының Конституциясына қайшы келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу