Путин әлемдік экономиканы қалпына келтірудің жолын айтты

692

Ол заманауи саясаттың бизнеске қолбайлау болмауы тиіс екенін жеткізді.

Путин әлемдік экономиканы қалпына келтірудің жолын айтты Фото: rbc.ru

Ресей президенті Владимир Путин жаһан экономикасын жандандыру үшін санкцияларды жою керек деді. Бұл пікірімен ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында жариялады. 

Оның айтуынша, заңсыз шектеулерді тыю жұмыссыздық деңгейінің қысқаруына оң әсерін тигізбек. Бірқатар сарапшы 2020 жылдың екінші тоқсанында 400 миллион адам жұмыссыз қалады деп топшылаған еді. 

"Жұмыссыздықтың мұндай деңгейі ұзақ уақытқа сақталмас үшін, адамдардың жұмысқа орналасуы үшін қолдан келгенді істеу керек", – деді Путин.

Сонымен қатар ол заманауи саясаттың сауда, ортақ жобалар мен әділ бәсекеге жол ашу керектігін және оның бизнеске қолбайлау болмауы тиіс екенін басып айтты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу