Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.
Журналистермен кездесу барысында Песков Украинадағы әскери арнайы операция режимін терроризмге қарсы операция режиміне ауыстыру туралы хабарламаларға түсініктеме берді.
"Бұл мәселе елдің Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Президентінің толық құзыретінде. Бүгінгі таңда мұндай шешімдер қабылданған жоқ", – деп жауап берді Песков.
Ол сондай-ақ Президенттің арнайы әскери операция мәртебесін өзгерту туралы хабарламасын дайындағаны туралы хабарламаларды жоққа шығарды.
"Халыққа үндеу болмайды. Жалған ақпарат", – деді Песков.