Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путин Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммед Мохбермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесуге Ресей тарапынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Үкімет төрағасының орынбасары Александр Новак, Президенттің көмекшісі Юрий Ушаков қатысты.
Ресей басшысының айтуынша, өткен жылы өзара тауар айналымының деңгейі төмендегенімен, биыл 14 пайызға өсім байқалады.
"Біздің экономикалық байланысымызды одан әрі нығайтуға Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім ықпал ететін болады. Ұйымға мүше мемлекеттер Иранның ЕурАзЭҚ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін алуға өтінімін қарап жатыр. Біз өз тарапымыздан оны қолдаймыз. Туристік ағындар да реттеліп жатыр. Иранға баратын туристер саны төрттен бірге өсті", - деді Путин.