Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің кеңейтілген форматтағы келіссөздерінің бірінші бөлімі басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Саммит үш бөлімнен тұрады: шағын құрамдағы бір және кеңейтілген құрамдағы екі келіссөз, үзіліс.
Қос президенттің шағын құрамдағы кездесуі екі сағатқа созылды. Оған Путин мен Байденмен қатар екі елдің сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Сергей Лавров пен Энтони Блинкен қатысты.
Ресей делегациясының құрамында президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов, РФ ҚК бас штабының басшысы Валерий Герасимов және СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков бар. Сондай-ақ президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак пен президенттің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев шақырылды.
Жалпы, саммит бес сағатқа созылады. Бірлескен баспасөз мәслихаты өткізілмейді, мемлекет басшылары журналистер алдында жеке-жеке сөз сөйлейді.
Табиғат Нұрболат