Путин Байденмен не үшін кездескенін мәлім етті

596

Қос президенттің келіссөздері 16 маусымда Женевадағы Ла Гранж  вилласында өткен еді.  

Путин Байденмен не үшін кездескенін мәлім етті

Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Джо Байденмен не үшін кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Андрей есімді тұрғыны баспасөз мәслихатында Путинге "Келіссөздерден кейін АҚШ Ресейге санкциялар салды, сонда Байденмен кездесудің қажеті қанша болды?" деген сұрақ қойды. "Көп нәрсе Америка Құрама Штаттарының президентіне байланысты, бірақ ол елдің өзіндік саяси жүйесі бар, саяси ерекшілігі бар. Сіз назар аударған нәрсе –  маңызды мәселе. Бірақ, менің ойымша, ол бұл жағдайда АҚШ президентіне байланысты болмауы мүмкін не мүлдем басқа мәселе болуы мүмкін", – деп жауап берді Ресей басшысы.

Ол сонымен қатар АҚШ-тағы сарапшылар мен ғалымдар өздерінің басшылығына белгілі бір кеңестер беретінін айтты. "Олар басшылыққа: "Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін және Кеңес Одағы құлағаннан кейін, АҚШ абсолютті гегемония орнатқан дәуір өтті. Әлем тез өзгеріп жатқанын ескеруіңіз керек",– деп айтады. Ресейге қандай санкциялар қолданылса да, бізді қалай қорқытса да, Ресей қазіргі таңда дамып жатыр",– деді Путин.

Оның айтуынша, бір жағынан америкалық тарап бұның бәрін түсініп отыр, сондықтан да Байденмен кездесу өтті, ал екінші жағынан олар "өздерінің монополиялық орнын" сақтауға тырысады. "Сондықтан олар бізді қорқыту, арандату және санкция салу сияқты деструктивті әрекеттер жасауда. Енді бұл бізге емес, оларға байланысты", – деді президент.

Владимир Путин мен Джо Байденнің келіссөздері 16 маусымда Женевадағы Ла Гранж  вилласында өтті. Мемлекет басшылары үш жарым сағат бойы сөйлесті. Кездесу қорытындысы бойынша олар бірлескен мәлімдеме жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу