Ресей президенті Владимир Путин келесі аптада Бали аралында өтетін "Үлкен жиырмалық" (G20) елдері басшыларының кездесуіне қатыспайды, деп хабарлады Индонезия Үкіметінің өкілі бейсенбіде Reuters агенттігіне.
Путиннің атынан Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады, ал Ресей президентінің өзі саммит шеңберіндегі кездесулердің біріне онлайн қосыла мүмкін, деп хабарлады теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіруші Министрдің баспасөз хатшысы Джоди Махарди.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу