– Бұл жағдайдың орын алуы әбден мүмкін, себебі мен білетін Путин мырза бір нәрсені ойлады ма, соны істемей қоймайды. Мәселе туындағанын жоққа шығармайық. Сол себепті мен біздің ертеңгі кездесуімізге (бейсенбі күнге жоспарланған - ред.) үлкен мән беремін. Біз мәселені ушықтырмай, осы жерден тоқтап, дипломатияға қарай бет бұрамыз деп үміттенемін, – дейді Ердоған.
Бұған дейін Түрік басшысы бейсенбіде Путинмен телефон арқылы сөйлесуге үміттенетінін айтқан болатын. Ал Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сәрсенбіде оның түрік әріптесімен телефон арқылы сөйлесуі әлі жоспарланбағанын айтты.
Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель де Владимир Путиннің сөздеріне бей-берекет қарауға болмайды деп санайды.
– Путиннің ядролық қару жөніндегі сөздеріне бей-берекет қарауға, қорқыту үшін айтып жатыр деп, мән бермеуге болмайды. Оның мәлімдемесіне байыпты қарау – осалдық пен келісімнің көрінісі емес, саяси даналықтың көрінісі, – деп санайды Меркель.