Путин бірқатар мемлекеттік қызметкердің жалақысын көтерді

924

Құжат 1 қазаннан бастап күшіне енеді. 

Путин бірқатар мемлекеттік қызметкердің жалақысын көтерді

Сыртқы істер министрлігіндегі дипломатиялық жұмысшылар мен федералдық мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 4,3 пайызға көтерілетін болады. Владимир Путин жалақыны көтеру туралы жарлыққа 19 қыркүйекте қол қойды. 

Осы жылдың наурыз айында үкімет басшысы Дмитрий Медведев бюджеттік және федералдық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 2019 жылдың 1 қазанынан бастап индексациялау туралы қаулыға қол қойған болатын. 

Росстат дерегіне сүйенсек, федералдық мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 2018 жылы 5,4 пайызға өсіп, 126 мың рубльден асқан. Бұл халықтың орташа айлық жалақысынан үш есе көп. Федералдық шенеуніктер арасында ең жоғары еңбекақы алатындар – үкімет аппаратының қызметкерлері. 

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы соңғы мәрте 2018 жылдың қаңтар айында 4 пайызға көтерілген болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу