Ресей президенті Владимир Путин Дағыстан Республикасы халықтық жиналысының қарауына республиканың президенттігіне үш кандидатты ұсынды. Бұл туралы ВВС-ге сілтемемен today.kz хабарлайды.
Атап айтқанда Дағыстан президентінің уақытша міндетін атқарушы Рамазан Абдулатиповты, есеп палатасының төрағасы Малик Баклиев және Дағыстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Уммупазиль Омаровты ұсынған.
Қаңтардың аяғында Путин бұл елдің президенті болған Магомедсалам Магомедовтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойып, президенттің міндетін атқарушы етіп Рамазан Абдулатиповты тағайындады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу