Ресей Президенті Владимир Путин Донбассқа әскери көмек көрсету үшін шетелден еріктілерді тартуға болады деп санайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Батыс елдерінің әлемнің түкпір-түкпірінен баскесерлерді жинап, оларды Украинаға жіберуі туралы айтатын болсақ, Украинаның, украиналық режимнің батыстық демеушілері мұны жасырып отырған жоқ. Олар халықаралық құқықтың барлық нормаларын елемей ашық түрде осылай істеп отыр", – деді Путин.
"Сондықтан егер ерікті түрде әрі тегін Донбаста тұратын адамдарға көмектескісі келетін адамдар бар болса, олардың қақтығыс аймағына баруына көмектесу керек", – деді Путин Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың баяндамасын тыңдағаннан кейін.
Қорғаныс ведомствосының басшысы Сергей Шойгу ДХР мен ЛХР-ға барғысы келетін шетелдік еріктілердің қатары көп екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Таяу Шығыс елдерінен 16 мың өтінім жіберілген.
Табиғат Нұрболат
Фото: kommersant.ru