Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады

1421

Киев, Харковь, Борисполь қалаларында жарылыс болды. 

Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады

Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операцияның басталғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол Украина әскерилерін дереу қару-жарақтарын тастап, үйлеріне қайтуға шақырды. Путин халыққа жасаған шұғыл үндеуінде Ресейге кімде-кім шабуыл жасаса, сол агрессор талқандалатынын мәлім етті. 

"Мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым. Оның мақсаты – сегіз жыл бойы Киев режимінің геноцидіне ұшыраған адамдарды қорғау. Бұл үшін біз Украинаны демилитаризациялау мен денацификациялауға тырысамыз. Сонымен қатар бейбіт тұрғындарға, соның ішінде Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы көптеген қанды қылмыс жасағандарды соттаймыз", – деді Путин.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу